Қанат Ислам 4 раунд бойы сынған қолымен жұдырықтасқан
Кеше ғана намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңген қазақстандық боксшы Қанат Ислам соңғы төрт раундта сынған қолмен жұдырықтасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Боксшының командадағылардың хабарлауынша, жетінші раундтан бастап Қанат Ислам сынған оң қолына қарамастан жұдырықтасқан. Сол себептен ол қарсыласына соққы бере алмады. Жекпе-жектен соң боксшының қолына гипс салған.
Айта кетсек, 26 қазанда Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінің басты кездесуінде қос боксшы WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. Төрешілердің қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті 97-92, 97-92 және 99-92 есебі бойынша Қанат Исламға берді. Кездесудің бесінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда бұл шешіммен оның қарсыласы келіспейтінін білдірген.
ҚР кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Қанат Ислам мен Вальтер Каутондокваның арасындағы жекпе-жек 12 раунд емес, неліктен 10 раунд ғана болғанын түсіндірді.
«Бұл жекпе-жекті WBO бақылаушысы сертификаттаған. Жекпе-жекте чемпион болу мақсаты болмағандықтан, он раундқа дейін баруы мүмкін. Бұл шешім екі жақтың келісімімен қабылданды. Бұл Ислам мен Каутондоква тараптарының он раундтық жекпе-жек туралы хабардар екендерін білдіреді», - деді Демьяненко.
Қанат Исламды жеңісімен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтады.