Қанат Ислам қарсыласын жеңіп, белбеуін қорғап қалды
Бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокс кеші өтті. Аталған кеште Қанат Ислам намбиялық қарсыласы Уолтер Каутондокваны жеңді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Сурет: instagram.com/suleimen_promotions_official/?hl=ru
Қазақстандықтар асыға күткен жекпе-жек 10 раундқа созылды. Төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен Қанат Ислам чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Асанов 97/92, Ешмағамбетов 97/92, Шалабаев 99/92 ұпай берді.
Қанат Исламға чемпиондық белбеуді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өзі тапсырды.
Аталған кештің андеркартында жартылай жеңіл салмақта өзбекстандық Бексұлтан Раушанов пен румыниялық Александр Ионита, бірінші жартылай орташа салмақта Дәулет Дәукенов пен молдовалық Иван Петров, супер ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов пен польшалық Михаил Банбула, бірінші жартылай орташа салмақта Асқар Ерубен пен украиналық Владислав Баранов жұдырықтасты.
Жекпе-жекте бірінші орташа салмақтағы WBO International
белбеуі бәске тігілген еді.