Қанат Ислам алғаш рет шаршы алаңға ұйымдастырушы ретінде шығады
Танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам алғаш рет боксшы емес, промоутер ретінде кәсіби бокс кешін ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қ.Исламның инстапарақшасынан
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Алматыда кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өткізеді. “Жібек жолы” кәсіпқой бокс кеші атты турнирде еліміздің жас спортшыларымен қатар танымал былғары қолғап шеберлері де сынға түсетін. 1 наурыз күні “Балуан Шолақ” спорт кешенінде өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы Руслан Мырзатаев өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Қанат Ислам бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыруға қолдау көрсетуді сұрап, желіде видео жариялаған еді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"

