Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қан таза болса екен": Қарақат Әбілдина аралас неке туралы айтты

Танымал әнші, Мәдениет қайраткері Қарақат Әбілдина аралас неке туралы ойын айтып, жеке парақшасына жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әншінің айтуынша, екі жастың сезімімен де санасу керек екен. 

“Аралас неке… “Өзге ұлтқа үйлену, тұрмысқа шығу дегенге көзқарасыңыз қалай?” деп сұрайды көп оқырман. Өте қиын сұрақ мен үшін…Махаббат дейміз… Жүрекке әмір жүрмейді… “ деп жатады. Сіз, мен, біз айтқанда одан біреу тоса ма, тосыла ма?!. Жоқ. Қалай болғанда да әр адамның өз өмірі, қалауы, таңдауы” дейміз де, қала береміз. Сезіммен санаспауға тағы болмайды. Қаншама қызды ұзатып, тойларында жүрміз. Әсіресе соңғы жылдары өзге ұлтпен бас қосып жатқан жастар көп. Әрине қимайсың. Қан таза болса екен дейсің. Ұл мен қыз өсіріп отырған соң алдыңды кесіп, асылық айтып, асыра сілтеуге де қорқасың.
Бірақ маған салса балаларымның бәрі өз ұлтымыздан, қаны таза, сүйегі текті, таза қазақтан алса екен, барса екен деймін. Солай тілеймін. Қыздың өзге ұлтты таңдап, тосылмай кете барғанына бір өзі, не ата-анасы ғана емес, бүкіл ұлт кінәліміз ау… Енді мұны тарқатып айтсаң кете береді”, – делінген жазбада. 

Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі қолдап, махаббатқа теңесе, енді бірі екі жас тек өз ұлтына үйлену керек дейді. “Қазақ қызының басқа ұлтқа тұрмысқа шығуы – сатқындық. Ұлдарымыздың өзге ұлттан келін әкелуі – жараспайтын қылық” деп жатқандар көп. Алайда бейтарап пікір ұстанып, екі жас бір-бірін ұнатып тұрса, қарсы болмауы керек екенін де айтып жатқандар бар. “Қазаққа күйеуге шыққан қыздарды көріп жүрміз, күн сайын күйеулерінен таяқ жейді. Басқа ұлтқа шығып бақытты болғаны жақсы емес пе?!. Мәселе ұлт та емес, адамның болмысында” дейді енді бірі. 
 

Талқылау