Соңғы жаңалықтар

Қан құюдан кейін гепатит анықталған: Қазақстандық келіншек қызының ауру жұқтырғанына дәрігерлерді айыптады

Петропавлда он жасар қыз сирек кездесетін ауыр жүйке-бұлшықет ауруынен емделемін деп жүріп, С гепатитін жұқтырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Қызым инфекцияны ауруханада жұқтырды деп ашуланды Светлана Кладова. 

"Әрине, олар маған қан құюдан болуы мүмкін деп айтпайды. Бірақ солай екенін іштей сеземін", - дейді Светлана Кладова

Светлана қызының гепатитпен ауырғанын Алматы ауруханасында балаға қан құйылғаннан кейін алты ай өткен соң ғана білді. Софа жалпыланған миастения ауруымен ауырады. Бұл диагнозды қызға ресейлік дәрігерлер қойған. Бірақ Софаға ота жасалмады. Өйткені қыздың екі өкпесі қабынған болып шықты. Қыз Алматыдағы инфекциялық ауруханада емделген.

"Егер дәрігер қан құю қажет болса, сіз келісесіз бе деп сұрады? Балам өмір мен өлім арасында болғандықтан, мен бас тарта алмадым. Құжатқа қол қойдым. Маған ештеңе айтылмады. Тек қана қанды төккен кезде қан құйылғанын көрдім", - дейді Софаның анасы.

Балада С гепатиті болғанын Светлана кездейсоқ білген. Қыз тұрғылықты жері бойынша Петропавлдағы ауруханаға түскенде, үш рет талдау жасап, нәтижесінде 10 жасар Софада гепатит анықталған. 

"Мұны дәлелдеу керек. Қазір менде бірнәрсе дәлелдеуге уақыт жоқ", - дейді Светлана.

Мәселеге қатысты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мән-жайды түсіндіріп берді.

"Өкінішке орай, біз ата-аналардың стационарлық көмектің сапасына шағымдары бар екенін білмедік. Өйткені ешкім шағым айтып, жағдайын түсіндірмеді. Қан инфекциясы фактісін ата-аналардың жазбаша өтініші негізінде тексеруден кейін сапаны бақылау департаменті растай алады", - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Светлана қызының дертіне себепкерлерді таба алмай әлек. Ол дәрігерлерге кінә таққысы келмейді. Бірақ басқа болжамының жоқ екенін жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр