Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған экс-депутатты сот ақтап алды

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған облыстық мәслихаттың экс-депутаты Аркадий Ниді сот ақтап алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аркадий ни

"Диапазон" басылымының жазуынша, 30 қарашада өткен сот отырысында ақтау үкімі шығарылған. 

Сот-медициналық сараптама сексуалдық қылмыстарға тән объективті мәліметтерді анықтамағаны мәлім болды. Аркадий Ни жаланың құрбаны болған деп жазады басылым.

Сотта анықталғандай, қыздың анасы танысы арқылы кәсіпкерден ақша бопсалау мақсатында хабарласып, оны ауыр қылмыстар жасады деп айыптаған. Оның үстіне әйел өз қызын депутат зорлады, қысым көрсетті деп айтуға мәжбүрлеген. Сотта қыз өзін зорлағанын айтқан.

Нәтижесінде депутат пен оған қатысы бар деп айыпталған әйел толығымен ақталды.



Анасы қызын қылмысқа азғырып, жалған мәлімдеме жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған әйелдің кішкентай баласы бар болғандықтан, жазасын 5 жылдан кейін орындайды.

Іс қалай басталды?

Аркадий Ни өткен жылдың желтоқсан айында ұсталған болатын. Айыптаушы тараптың айтуынша, ол кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны зорлап, оған қарсы басқа да сексуалдық әрекеттер жасаған. Депутат көп ұзамай "Нұр Отан" партиясынан шығарылды.

Аркадий Ни кім?

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" сайтында Аркадий Нидің 1961 жылы 25 наурызда Фрунзе, қазіргі Бішкек қаласында дүниеге келген делінеді. 1966 жылдан бері Қазақстанда тұрады. Сонымен қатар облыстық мәслихаттың депутаты ретінде "өз ауданындағы мектептердің материалдық базасын нығайтуға көп еңбек сіңірді, аз қамтылған отбасылар мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері арасынан шыққан өз сайлаушыларына тұрақты материалдық көмек көрсетті" делінген.

Аркадий Нидің иелігіне үлкен "Рокос" компаниясы кіреді және теннис федерациясының филиалын басқарады. Экс-депутат Ақтөбеде Батыс 2" шағын ауданында теннис орталығын салған.

Талқылау