Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Томирис Байсафаның адвокаты күдіктіні Қазақстанда соттауды тағы талап етуде

Томирис Байсафаның өліміне кінәлі басты күдіктіні оның отаны Ресейде емес, Қазақстанда соттау керек. Қаза тапқан студенттің анасының адвокаты қазақстандық билікке осындай үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Евгений Яворскийдің айтуынша, әділ үкімге тек осылай қол жеткізуге болады.

“Бұл сот ісінің Қазақстанда жүргізілуін, біздің тергеудің араласуын сұраймын және талап етемін. Қазақстан азаматы қаза тапты, біздің мемлекет әрбір азаматты, атап айтқанда Байсафа, Жанна Ахметованың ісі бойынша қорғауды қамтамасыз етуі керек. Кез келген азамат мемлекеттің оны қорғайтынын түсінуге тиіс. Бұл нақты қорғаныс көрінетін жағдайда ғана мүмкін”, – дейді адвокат Евгений Явроский.

Қорғаушының айтуынша, бұл үшін ештеңені өзгертудің қажеті жоқ. Барлық қажет норма Қазақстан заңнамасында жазылған. Басты күдіктіге халықаралық іздеу жариялау жеткілікті.

Егер оны қолға түсіру қиын болса, қазақстандық сот үкімді сыртынан шығара алады. Муртузали Меджидов Мәскеуде қаза тапқан жерлесіміз Томиристің курстасы, марқұммен жақын қарым-қатынаста болған.

Меджидов – бай баласы, әкесі Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы, бизнесмен және қоғам қайраткері. Байсафаның отбасы осы кісінің ықпалынан сот әділ шешім шығармайды деген сенімде. Өйткені жазда Мәскеу соты Меджидовті толық ақтап алғаны да есте. Бірақ бір ай бұрын зардап шегуші тарап Никулин сотына қайта шағым жасап, ақтау туралы үкімнің күшін жойды.

Жаңа тыңдау күні әлі белгіленген жоқ. Ресейлік тергеушілер қыз Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кетті деген қорытындыға келген. Қорғаушылар мұнымен келіспейді, олар Қазақстанда объективті тергеу жүргізуге шақырады.

Шетелде азаматтарымызды қорғау қажеттілігін парламент депутаттары да қажет деп санайды. 

“Егер қазақстандық тарап үкіммен келіспесе, әділдіктің жоқтығын сезсе, мемлекет қандай жағдай болмасын әрбір азаматын қорғауға тиіс. Әрине, бұл халықаралық заңнамаға, біздің заңнамаға сәйкес келуі керек, ешкімнің құқығы бұзылмауы қажет. Бірақ мемлекет өз азаматтарын қай елде болса да қорғаса – дұрыс тәсіл деп санаймын”, – дейді мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов. 

Еске салсқа, Томирис Байсафаның ісімен Ресей тергеу комитеті айналысатын болды. Бөлім басшысы қазақстандық қыздың қайтыс болуының барлық мән-жайы мен тергеу материалдарын тағы да тексеруді тапсырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр