Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалжың екен деп ойладым": Вакцинаға қарсы болған азаматтар неліктен ойларын өзгерткенін айтты

Ковид жұқтырғандар саны көбейгендіктен Шығыс Қазақстана облысында қосымша жансақтау бөлімдері ашылған. Аймақта тәулігіне 500 ауру жұқтыру дерегі тіркеледі. Жедел жәрдем үлгермегендіктен,қоңырауларға мобильді топтарды жіберуге мәжбүр. Олар – емханалар мен амбулатория қызметкерлері. Ал кәсіпорындарға мүмкін болса жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс істеуге жіберу ұсынылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Astana TV" арнасына сілтеме жасап. 

антиваксер

Облыстық штабтағылардың айтуынша, медицина қызметкерлерін қайта вакциналау ең бірінші міндет болып отыр. Себебі оларға коронавируспен күрес кезінде негізгі ауыртпалық түседі. ШҚО қазір вакциналау бойынша көш басында тұр. Мұнда тұрғындардың 100% вакцинаның екі дозасын да алған. 

"Барлық емдеу мекемелері пандемияның жаңа толқынына дайын. Дәрілік препараттар қоры бар. "СК-фармация" екі айға арналған қор жеткізген. Қазір бізде оптимистік болжам деуге болады. Ауруханаларда қосымша орындар да бар. Сонымен қатар қосымша жансақтау құрылғыларының жеткізілуін күтіп отырмыз", - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков. 

Аймаққа жасөспірімдер, бала емізетіндер мен жүкті әйелдерге арналған Pfizer вакцинасының 60 мың дозасы әкелінген. Қайта вациналау үшін SINOPHARM мен QazVaс вакциналарының 120 мың дозасы бар. Ал вакцинаға қарсы азаматтар саны азайғандай. 

"Туыстарымыз, балаларым да ауырды. Бұдан кейін вакцина алдық. Қазір қайта вакциналауды күтіп жүрмін, менікі наурыз айында болу керек. Міндеті түрде қосымша екпе салғызамын", - деді ШҚО тұрғыны. 

"Басында қарсы болдым, қалжың екен деп ойладым. Кейін өзім де қатты ауырдым. Енді 6 ай өткенін күтіп, ревакцинациядан өтемін. Маска тағып жүремін, оның қаншалықты қорғайтынын білмеймін. Бірақ өзім ауырған соң вакцина алып, сақтану керек екенін түсіндім", - деп мәлімдеді тұрғындардың бірі. 

Аймақта екпе салдыруға арналған 500-ге жуық орын жұмыс істейді. Кәсіпорындарда ауру таралмау үшін қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге жіберген. Өйткені "омикрон" штамы жұқпалы. Дәрігерлердің сөзінше, штамды жұқтырған 1 адам 20 адамға таратады.

"Барлық қызметкерлер үйден жұмыс істейді. Өндіріс орнында карантин шаралары күшейтілді. Ал шағын қалаларда қызметкерлерді жеке көлікпен жеткізуді ұйымдастырдық. Біз қабылдаған шаралар пандемия кезінде өз тиімділігін көрсетті", - деп мәлімдеді "Қазцинк" ЖШС әкімшілік істер бойынша атқарушы директор Андрей Лазарев. 

Талқылау