Қалың қар жауып, көктайғақ болады: Алдағы үш күнде елімізде күн суиды
23-25 қаңтарда Арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температура төмендейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pexels.com
23-24 қаңтар күндері еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Солтүстік-Батыс циклоны әсер етеді. Салдарынан қатты қар жауады. Ал қалған аумақта ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады деген болжам бар.
Ел бойынша бұрқасын, екпінді жел соғып, көктайғақ және тұман болады деп болжанды.
Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30°C аяз, кей жерлерде 35°C-қа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20°C аяз. Орталық пен шығыста түнде 20-35°C, ал кейбір аудандарда 40°C-қа дейін қатты аяз. Оңтүстікте түнде 15-25°C, кейбір жерлерде 28°C-қа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15°C аяз шамасында сақталады.
Талқылау

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді