"Қалғаны сөйлей берсін": Ерке Есмахан ата-енесін жер-көкке сыйғызбай мақтады
Танымал әнші Ерке Есмахан ата-енесін айтып, өнеріне қалай қолдау білдіретінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Өнер иесі Орал қаласынан ата-енесінің келгенін айтып, оларға ризашылығын жеткізді. Эстрада жұлдызы дәл осындай әулетке келін болғанын мақтан тұтатынын және күйеуінің ата-анасын өмірлік бағы санайтынын айтты.
“Алладан бақ сұрау керек. Алла маған сол бақты үйіп берген. Шүкір. Ата-енем де – сол бағым. Папам мен мамам ақ жүректерімен "Сендей қызымыз бар, бізге бұйырғаныңа шүкір. Сені әкелген Райымға рақмет. Қалған сөйлегендер сөйлей берсін" деп отырады. Қалай бақ демейсің енді? Күйеуімнің, ата-енемнің разылығын алуға, жақсы келін болуға, осы әулеттің ұрпағын жалғастыруға барымды саламын. Сіздерді жақсы көремін, отбасым. Аллаға сансыз шүкір айтамын", – деп жазды мегажұлдыз.
-
"Райм күзетшімен жүр": Ерке Есмахан камерадан не үшін тығылып қалғанын түсіндірді
-
"Трендтің құрбанымын": Екітүрлі аяқкиім киген Ерке Есмахан сән туралы сыр шертті
Сондай-ақ өнер иесі жеке парақшасына ерекше образда фото жүктеп, оқырмандарын таңдандырып қойды.
“Өзіңді қатты жақсы көрсең, өмір де сені тура солай қатты жақсы көреді", – деген жазбасына тыңдарман қауым түрлі пікір білдірді.
"Қандай жарасымды. Мына орамал сізге сондай үйлесіп тұр", "Raim-ның жолы болыпты", "Ерке не кисе де жараса кетеді", "Не деген нәзіктік", "Мына орамал сізді одан бетер әдемі етіп тұр", "Өте ерекше образ екен. Сізге сондай жарасады", Сұлулық пен нәзіктіктің символы", – деп бағалады көпшілік.
Еске салайық, өнер иесінің "Келін міндетті" дегенді қояйық” деп ене мен келін тақырыбын қозғағанын жазған едік.