Қазақстанда Калашников автоматы шығарылатын болды
Биыл Қазақстанда Airbus ұшақтарына қызмет көрсетуге арналған сервистік орталығы іске қосылады. Бұдан бөлек бір жыл ішінде Көкшетауда 2015 жылғы үлгідегі Калашников автоматының өндірісін бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы қорғаныс кәсіпорындарында мынадай жобаларды іске асыру жоспарланған:
- "№405 Авиажөндеу зауыты" АҚ базасында Ми-171Ш тікұшағын құрастыру;
- "Қазақстандық авиациялық индустриясы" ЖШС базасында Airbus ұшақтарына қызмет көрсетуге арналған сервис орталығын құру;
- "Тыныс" АҚ, "Алма ДК" ЖШС мен "Милитарм" базасында радиациялық және химиялық қорғау заттарын өндіру;
- "Семей инжиниринг" АҚ базасында бронетанктық техниканы жетілдіру;
- "Steel manufacturing" ЖШС базасында автоматқа арналған оқ-дәрі өндіру;
- "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" ЖШС базасында "Барыс 8х8" брондалған техника өндірісі;
- "Тыныс" АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтарын өндіру.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"