"Қабырғасын сындырған": Алматы маңында 150 теңге үшін автобус жүргізушісін ұрып кеткен
Алматы облысының Жетіген станциясында автобус жүргізушісін 150 теңгеге ұрып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға туралы Facebook-тегі қолданушы Бақытжан Рысбаев жазды.
"Бүгін күндіз № 220 маршруттың жүргізушісіне Жетіген ауылының бірнеше жас жігіт қарақшылық шабуыл жасады. Жүргізушіні ұрып-соғып, қабырғаларын сындырып, барлық ақшаны алып кетті", - делінген жазбада.
Автордың сөзіне қарағанда, полиция кінәлілерді іздеуде дәрменсіздік танытып отыр.
Бақытжан Рысбаев оқиғаға 150 теңге себеп болғаны атап өтті.
"Куәгерлерден жауап алуды сұраймыз!", - деп қосты автор.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады