Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Күйеуі мен көңілдесін ұстап алған әйел оларды жалаңаш күйінде ағашқа байлап қойды
Қытайдың Гуйчжоу провинциясының тұрғыны күйеуінің көңілдесімен жатқан жерінен үстінен түскен. Артынша әйел олардың масқарасын шығарып, жалаңаш күйінде ағашқа байлап қойды. Олардың маңына жиналған адамдар мазақ қылды.

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Желіде тараған видеодан ағашқа жалаңаш байланып тұрған ер адам мен әйелдің айналасында адамдардың жиналып, мазақ қылып, күліп жатқаны байқалады. Кадрлардан сол жерде полиция қызметкері болғаны да көрінеді. Алайда ол араша түспеді.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, әйел күйеуінің көңілдесімен жатқан жерінен үстінен түсіп, оларды көшеге шығуға мәжбүрлеп, ағашқа байлап қойған.
Хушуи округінің қауіпсіздік бюросы оқиғаны растады. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, әйел дау-дамайдан кейін отбасын сақтап қалу үшін «радикалды шараға» барған.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті