Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank-тің цифрлық өнімдері International Finance Awards-2021 нұсқасы бойынша Қазақстандағы үздік инновациялық әзірлеме болып танылды 

2021 жылдың шілде айында Jusan Bank бірден екі "Most Innovative New Corporate Internet Banking – Kazakhstan 2021" және  "Best New Mobile Banking Application – Kazakhstan 2021" номинациясында халықаралық беделді International Finance Banking Awards премиясының лауреаты атанды.

жусан

"Most Innovative New Corporate Internet Banking – Kazakhstan 2021" – "Ең инновациялық жаңа корпоративтік интернет-банкинг – Қазақстан 2021"  марапаты банкке  корпоративтік клиенттерге арналған Jusan Business  интернет-банкингін табысты түрде әзірлегені және енгізгені үшін берілді. 2020 жылғы желтоқсанда өнім іске қосылды және жарты жылдан аз уақыт ішінде жеке кәсіпкерлерден бастап ірі ұйымдарға дейін кез келген ауқымдағы бизнестің қаржысын жүргізудің сұранысқа ие құралына айналды. Банк клиенттерінің жүйеге қосылуы және оны әрі қарай пайдалануы толықтай тегін. Барынша автоматтандырылған жүйенің және ыңғайлы функционалдың арқасында пайдаланушылар саны тұрақты түрде өсуде және қазіргі уақытта 26 мыңнан астам компания пайдалануда. 

"Цифрлық сервистерді белсенді түрде дамыту Jusan компанияларының барлық топтарының бизнес үлгісінің негізінде жатыр. Бүгінгі таңда осы бағытта жүзеге асырылатын жобалар мен енгізіліп жатқан инновациялар клиенттеріміз үшін біз қалыптастырып жатқан үлкен экожүйенің алдағы уақыттағы образын және пішімін анықтайды. Біздің мақсатымыз – банктік өнімдер ұсынатын онлайн-супермаркет ғана болу емес, біздің клиенттеріміздің қажеттіліктеріне жарап, нәтижесінде олардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналу. Jusan және Jusan Business интернет-банкингтеріне International Finance Awards-2021 қазылар алқасының бірден екі марапат тағайындауы арқылы жоғары тәуелсіз баға беруі өз мақсатымызға сәтті түрде келе жатқанымызды растайды және командамызды жаңа жетістіктерге ынталандырады", –деді Jusan Bank басқармасының төрағасы Айбек Қайып. 

"Best New Mobile Banking Application – Kazakhstan 2021" – "Үздік жаңа банктік мобильді қосымша – Қазақстан 2021" екінші марапатына лайық деп жеке тұлға клиенттерге арналған Jusan мобильді қосымшасы танылды. Интернет-банкингтің жаңартылған нұсқасы 2020 жылғы қазанда клиенттерге қолжетімді болды. Кез келген банктік қосымшаның стандартты толтырымымен салыстырғанда,    Jusan  функционалы оны нағыз суперапп етеді. Бүгінгі таңда мобильді қосымшада қаржы қызметтері қолжетімді: оның ішінде банктік өнімдер, инвестиция жасау, көлік сақтандыру; сондай-ақ цифрлық мобильді оператор және әлемнің кез келген банкінің картасынан, сонымен қатар бөліп төлеу арқылы немесе кредитке ресімдеумен сатып алуға болатын, 400 мыңнан астам позицияларды қамтитын тауарлар мен қызметтердің сұрыпталымына ие Jmart  маркетплейсі секілді қаржылық емес сервистер желісі. Қазіргі уақытта оны 1 миллионнан астам адам белсенді түрде қолданады, әрі пайдаланушылар саны ай сайын 100 мың адамға көбеюде. 

International Finance Banking Awards премиясын британдық International Finance Publications Limited компаниясы жариялайтын бизнес және қаржы жөніндегі премиум-санаттағы International Finance халықаралық журналы тағайындайды. Номинациялар берілетін салаларға дәстүрлі түрде келесілер кіреді:  қаржылық, банктік, брокерлік және сақтандыру қызметтері, активтерді басқару, энергетика, мұнай және газ, логистика және коммуналдық қызметтер. Қатысушылар жұмысын бағалап және олардың арасынан жеңімпаздарды анықтай отырып, ұйымдастырушылар инновациялар, инфрақұрылымды дамыту және клиентке бағдарлану саласындағы өңірлік көшбасшылар саналатын банктердің жетістіктерін көрсетеді. 

Талқылау