Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Japan Airlines жолаушылар ұшағы Токио әуежайына қону кезінде өртеніп кетті

Токио әуежайында ұшақ өртеніп, 400-ге жуық жолаушы эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жапония самолет

Бүгін, 2 қаңтарда Токиодағы Ханеда әуежайына қону кезінде Japan Airlines компаниясының ұшағы отқа оранған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.

Japan Airlines (JAL) әуе компаниясының Airbus A350 ұшағы толық жанып кеткен. Борттағы 379 адамның бәрі аман.



Жапон басылымдары ұшақтағы 379 жолаушы мен экипаж мүшелері эвакуацияланғанын мәлімдеді. Kyodo сайты өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап, жолаушылар ұшағы Жапонияның жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысқанын жазды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жағалау күзетінің ұшағы жер сілкінісінен зардап шеккен Исикава префектурасына көмек әкетіп бара жатқан. Бұл ұшақтың бортында алты адам болған.

Жолаушылар ұшағымен соқтығысқан жағалау қызметінің ұшағындағы алты адамның біреуі ғана аман, қалған бесеуін іздестіріп жатыр.

Токиодағы Ханеда әуежайындағы барлық ұшу-қону жолақтары қазір жабық. 

Талқылау