"Израиль Ресейге басып кіруді жоспарламаған еді": Байден сөзден жаңылып, елдердің атын шатастырды
АҚШ президенті Джо Байден шатасып, Израиль Ресей аумағына басып кіруді жоспарламағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ABS News
Байден Палестина деудің орнына Ресей деп айтқан.
"Менің ойымша, Нетаньяху мені тыңдайды. Олар Ресейге басып кіруді жоспарламаған еді, Рафахқа толық көлемде басып кірмейді", – деді Байден.
Бұған дейін де Байден елдердің атауларын шатастырып, Вашингтонның Украинаның саясатына араласқан шешімін сынаған еді. Осыдан кейін ол Украинаны емес, Ирак пен Ауғанстанды меңзеп тұрғанын түсіндіріп, сөзін түзеді.
Байден қазір 81 жаста. Ол – АҚШ тарихындағы ең кәрі президент.
Бұған дейін Джо Байдан Израиль Газа секторындағы атысты тоқтату бойынша жаңа ұсыныстар айтқан еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды