Израиль мен ХАМАС соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келді
Израиль мен ХАМАС кепілге алынған израильдіктердің кейбірін босату, соғыс қимылдарын тоқтату және кейбір палестиналық тұтқындарды Израиль түрмелерінен босату туралы келісімді мақұлдады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісім нәтижесінде бірнеше шаралар қабылданды:
- ХАМАС кепілге алынған 50 израильдік бейбіт тұрғынды, әйелдер мен балаларды босатты;
- Израиль Газа секторында атысты 4 күнге тоқтатады;
- Израиль шамамен 150 палестиналық тұтқынды – әйелдер мен балаларды түрмеден босатады;
- Бітім кезінде Газаға гуманитарлық көмек пен жанар-жағармай тиелген жүк көліктері жіберіледі.
ХАМАС бес күндік атысты тоқтату кезінде "ұрланған” 30 баланы, сегіз ананы және тағы 12 әйелді босатуы керек.
Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, алғашқы кепілге алынғандар бейсенбі күні босатылуы мүмкін. Оларды босату кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, күніне шамамен 12 тұтқын босатылады.
Заң бойынша жұртшылық 24 сағат ішінде белгілі бір адамды босатуға қарсы петиция жазуы керек.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді