Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль БҰҰ сотының шабуылды тоқтату туралы талабына қарамастан Рафахта қайта соққы жасады

Израиль 25 мамырда Газа секторына, соның ішінде Рафахқа қайта соққы жасады. Бұған дейін Біріккен ұлттар ұйымының халықаралық соты Израильден Рафахқа шабуылды тоқтату жөнінде талап қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

рафах

Фото: Reuters

Әзірге Израильдің Гаага сотының талабын орындайтынын көрсететін белгі жоқ. AFP агенттігі журналистерінің мәліметіне сәйкес соққы сенбіде Рафах пен Дейр-әл-Балах қалаларына жасалған.

Газадағы ВВС тілшісі халықаралық сот шешімі жарияланған соң бірер минуттан кейін Израиль әуе күштері Рафахтағы Әл-Шабура лагеріне соққы жасаған. 

Израиль Рафахтағы әскери операциясын мамырда бастап еді.Бұған дейін АҚШ пен өзге де одақтастары жерүсті шабуылы талай адамның өмірін қип, гуманитарлық дағдарысқа әкеп соғатынын ескерткен. Рафахта бұл кезде соғыстан қашқан 100 мыңнан аса адам болған. Шабуыл басталған соң қаладан 800 мыңға жуық бейбіт тұрғын кетіп қалған. 

24 мамырда Гаагадағы БҰҰ халықаралық соты үкім шығарып, оған сәйкес Израиль Рафахқа шабуылын дереу тоқтатуы керек еді. Гаагадағылар әскери қимыл Газа секторындағы бейбіт халық үшін үлкен қауіп төндіреді деп есептейді. Тағы бір талапқа сәйкес Израиль тергеушілер жұмысына кедергі келтірмеуі керек. 

Ал Израиль БҰҰ халықаралық соты әскерилердің әрекеті мен Газадағы жағдайдың түп-төркінін толық түсінбейді деп отыр. Израиль билігі палестикалық бейбіт халық үшін қауіп жоқ екенін айтады. 

"Израиль Рафахта палестиналықтардың жартылай немесе толығымен қырылуына алып келетін әскери операциялар жүргізбейді", - деді Израиль қауіпсіздік кеңесінің басшысы Цахи Ханегби. 
 

Талқылау