Израиль әскеріне тегін тамақ берген: Түркияда Палестинаны қолдайтындар McDonald’s мейрамханасына шабуыл жасады
Түркияда Палестинаны жақтайтын белсенділер McDonald’s мейрамхана желісі Израиль әскеріне тегін тамақ бергені үшін Ыстамбұлдағы мейрамханасына шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белсенділер компанияның Израильдің әскери күштеріне көмектескенін айыптап, фастфуд желісінің филиалына шабуыл жасады. Олар осылайша компанияға қарсылығын көрсетті.
Түркияда Палестинаны жақтайтын демонстранттар мекемені қиратқан. Есіктерін орындықтармен сындырды.
Жергілікті билік вандализм әрекетін айыптап, оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде. Олар мұндай мәселелерді шешуде бейбіт наразылықтардың маңыздылығын атап өтті.
7 қазанда басталған Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс күшеюде.
Еске салайық, 21 қазанда Израиль Газа секторын толық қоршауға алғанын мәлімдеді. ЦАХАЛ спикері Авичай Адридің сөзінше, құрлық операциясы мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін жалғасады. Сондай-ақ Израиль Газа секторына әскер кіргізуге дайын.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген