Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамдағы әуежайда көзге түсті

Қайсар қамза блогер (1)
Фото: t.me/kozachkow

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамза қолы кісенделген күйі Вьетнамдағы әуежайда көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вьетнамның Камрань әуежайынан түсірілген суреттер журналист Kozachkov.offside Telegram арнасында жарияланды. Суреттерде Қайсар Қамзаның қолына кісен тағылғаны және оны Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкеріне ұқсас адам алып бара жатқаны көруге болады. 

 

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктіні Қазақстанға экстрадациялау кезеңі басталған.

Бұған дейін блогердің Вьетнамда қамауда отырғаны туралы жазған едік.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға іздеу жариялағаны белгілі болды. Кейін блогер бұл ақпаратқа Instagram Stories арқылы жауап беріп, дастархан басында отырған суретін жариялап, “Бәрі дұрыс” деп қысқа жазба қалдырған.

14 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігі Қайсар Қамзаның заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеген еді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 06 Тамыз, 2026 10:38