Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таза қалаға инвестиция: Bank RBK Алматыдағы автомобильді газ толтыру станциясының құрылысына қолдау көрсетті

Алматыда Bank RBK қаржылық қолдауымен салынған жаңа автомобильді газ толтыру компрессорлық станциясы (АГНКС) ашылды. Сағатына 4500 текше метр табиғи газ өткізу қуатына ие жаңа инфрақұрылым нысаны қалалық қоғамдық көлікті үздіксіз отынмен қамтамасыз етіп, мегаполистегі экологиялық көлік жүйесін дамытудағы маңызды қадам болмақ.

Жобаны "Asia Trust Motors" ЖШС жүзеге асырды және жаңа станция Алматыдағы табиғи газбен жүретін 400-ден астам автобусы бар ірі тасымалдаушылардың бірі – Ecobus Service автобус паркінің дәл жанынан салынған.

Қазір Алматыда қалалық бағыттарда шамамен 2500 автобус қатынап, соның 1650-ден астамы табиғи газбен жүреді және олардың саны артып келеді. Алайда қолданыстағы газ құю станцияларының инфрақұрылымы экологиялық таза көліктер санының артуына ілесе алмай, шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп келеді. Қолданыстағы газ құю станцияларындағы шамадан тыс жүктемеден автобустар ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Ал кейбір көліктерге жанармай құю үшін күн сайын ондаған шақырым артық жол жүруге тура келеді.

Жаңа станция бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді. Заманауи жабдықтардың арқасында автобустарға табиғи газ қажетті қысыммен жылдам құйылады. Автобустардың артық жүрісін азайтып, тасымалдаушылардың пайдалану шығындарын қысқартады әрі қоғамдық көліктің бағытқа уақытылы шығуын қамтамасыз етеді.

Станцияның жобалық қуаты сағатына 4500 текше метрге тең. Кешен үш компрессорлық қондырғымен, заманауи газ құю бағандарымен, сондай-ақ газды сақтау және дайындау жүйелерімен жабдықталған. Бұл нысан күн сайын жүздеген қоғамдық көлікке қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

"Біз үшін нәтижесін күн сайын мыңдаған адам сезінетін жобаларға қатысу өте маңызды. Жаңа автомобильді газ толтыру компрессорлық станциясы – жай ғана заманауи инфрақұрылым нысаны емес. Бұл – экологиялық таза қалалық көлік, жолаушылар үшін жайлы тасымал, тасымалдаушы жұмысының тиімділігі және Алматының тұрақты дамуына қосылған үлес. Біз банк экономиканы, қалаларды дамытуға және адамдардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға көмектесіп, оң өзгерістердің серіктесі болуы керек деп сенеміз", – деді Bank RBK Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Абдуғалиев.

Станцияның іске қосылуы автобустарға тікелей автобус паркінің жанында жанармай құюға мүмкіндік береді. Бұл кезекте тұрып қалатын уақытты барынша азайтып, жүргізушілердің артық жұмыс істеуін қысқартады. Сонымен қатар автобустарды түнгі уақытта арнайы мамандар арқылы жанармаймен қамтамасыз етуге және бос жүріске кететін уақыт пен отын шығынын азайтуға жағдай жасайды.

"Бұл жоба Bank RBK командасының кәсіби әрі үйлесімді жұмысының арқасында жүзеге асты. Мәмілені құрылымдаудан бастап қаржылық шешім қабылдауға дейінгі барлық кезеңде банк қызметкерлері жоғары жауапкершілік танытып, терең сараптамасын және нәтижеге бағытталған жұмысын көрсетті. Біз үшін бұл шынайы серіктестік болды. Жаңа станция Алматының көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналып, қоғамдық көліктің тиімділігін арттыруға және экологиялық отынды пайдалануды одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді деп сенеміз", – деді "Asia Trust Motors" ЖШС директоры Ефрем Ефремов.

Жобаны қаржыландыру – Bank RBK-ның қалалық ортаны дамытуға, бизнестің тиімділігін арттыруға және заманауи экологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған инфрақұрылымдық бастамаларды қолдаудағы кезекті үлгісі болды.

Лицензия №1.1.821.135, 15.07.2026 ж. ҚНРДА берген

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 06 Тамыз, 2026 10:15