Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен үш жасар қыз бір айдан бері табылмай жатыр

Алматы облысында үш жасар қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр. Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің хабарлауынша, іздеу операциясы кезінде жақын маңдағы су айдынының суы ағызылған. Бірақ ол жерден де ештеңе табылмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы облысының полиция департаменті

"Безымянный тоғанындағы су 2 метрге түсірілді. Алайда қыз табылмады. Облыстық ішкі істер басқармасы мен Еңбекшіқазақ ішкі істер басқармасы Күш ауылына жақын орналасқан Ақши, Қырбалтабай және Балтабай кенттерінің тұрғындарынан сұрап шықты. Алайда, іздеу оң нәтиже бермеді. Қыз әлі табылған жоқ", – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Үш жасар қызды іздеу жалғасып жатыр.



Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында үш жасар қыз табылмай жатқаны хабарланды. Аймақты жан-жақты тексеру нәтиже бермеген. Күш ауылында көлдің суын бірнеше метрге ағызылатыны айтылды. Ол жоғалған қыздың үйінің дәл жанында орналасқан

Кішкентай қыз 17 наурыз күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында болды. Қыздың анасы полицияға кешке хабарлаған. 

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті полиция және жедел блок қызметкерлерінен құрылған арнайы іздеу тобы құрылды. Қазір үйретілген иттермен ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов. 

Баланы іздейтін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды. 

Талқылау