Итті көлігіне байлап, трассада сүйреген: 72 жастағы Екібастұз тұрғыны ерсі қылығын түсіндірді
Павлодар облысында жүргізуші итті көлікке байлап, тас жолмен сүйреген. Желіде жануарға қатысты зорлық-зомбылықты түсірген видео таралып кетті. Полиция жүргізушіні тауып алды. Ол Екібастұздың 72 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Итті аяусыз "жазалаған" видео желіде пайда болғаннан кейін, полиция жүргізушіні іздей бастады.
"Іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізуші анықтады. Ол Екібастұздың 72 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның айтуынша, бұл күні ол алабай тұқымды итін ветеринарлық клиникаға апарды. Өзінің қартайғанына орай итті автокөлік салонына отырғыза алмапты", - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Ер адамға қатысты жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айып тұрағына қамалды. Ит иесіне беріледі.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"