Итімен қоштасқан әскер жұртты жылатты (видео)
Қытайлық әскер өлім аузында жатқан қызмет бабындағы итпен қоштасар сәтте ағыл-тегіл болып жылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған бейнежазбада Бежіңннің Е Хуайбинь есімді әскердің тізерлеп тұрып, У И есімді иттің басын құшақтап жылап жатқандығы байқалады. Ол өзін итке ветеринарлар екпе жасамай тұрып, итпен бірге қалуын сұрап өтініпті.
Кейіннен лабрадор иттің денесін жерлегенде әскери жерлеу рәсімнің барлық шарттары орындалыпты.
8 ай ьұрын екі жасар иттің аузында қатерлі ісік анықталыпты. Жарты жылдан бері әскер бауыр басып қалған итіне ем іздеп, оны ветеринарлардың біразына көрсетіпті. Төрт ота жасалған иттің жағдайы жақсармапты. Сол себепті итке оны өмір бақи ұйықтататын дәрі егу туралы шешім қабылданыпты.
Зейнетақы жинағын қай компанияға аударған тиімді: 2026 жылғы табыс пен тәуекел
Бұған дейін жеке компанияға тек 50%-ын беру мүмкін еді
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"