Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялық “миллионер биші” Джанлука Вакки Астанаға келмек

Итальяндық кәсіпкер өткен жылы әйелімен билеген сәті желіде жариялағаннан кейін дүние жүзіне танымал болды.

07_mE1HHZG

Астанада 22-24 маусымда өтетін Еуразиялық медиа-форумның жұмысына танымал итальяндық кәсіпкер Джанлука Вакки қатысады.

Джанлука Вакки өткен жазда зайыбымен билеген сәті түсірілген бейнеролик жарияланғаннан кейін танымал болды. Ашық деректердің ақпаратына сәйкес, 49 жастағы Вакки автотрейлерлер шығаратын SEA Societa Europea Autocaravan компаниясына жетекшілік етеді.

Форумға Түркияның бұрынғы президенті Абдуллах Гүл, Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозу, бұрынғы америкалық губернатор Билл Ричардсон, ресейлік журналистер Михаил Гусман, Алексей Пивоваров, Сифико Шевардназе (марқұм болған бұрынғы Грузия  президенті Эдуард Шеварднадзенің немересі) тағы басқалар қатысады деп күтіледі.

Eurasian Media Forum Foundation баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара халықаралық сұхбаттық алаң болып табылады. Форум өз жұмысын 2002 жылы бастаған. Сенат депутаты Дариға Назарбаева форум тағайындалғалы бері ұйымдастыру комитетінің төрайымы болып табылады.

Тағы да оқыңыз:

Инстаграмдағы “биші-миллионер” әбден қарызға батқан адам болып шықты

“Биші миллионер” Джалука Вакки жалаңаштанып биік өкшелі туфлимен биледі (видео)

50 жасында жас жігітше сымбатын сақтап әдемі өмір сүретін кәсіпкер (фото)

Талқылау