Италия 53 жылдан соң футболдан Еуропа чемпионы атанды
Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалда Италия Англиядан басым түсті.
Финал.
Италия – Англия 1:1, 3:2 пенальти
Ойынның 3-минутында есепті әріптесі Киран Триппьердің пасынан кейін ағылшын қорғаушысы Люк Шоу ашты.
Матчтың екінші таймында Италия қорғаушысы Леонардо Бонуччи таразы басын теңестірді.
Осылайша негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын қосалқы екі таймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ.
Ал пенальти сериясында Италия 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша араға 53 жыл салып, чемпион атанды.
Айта кетерлігі, Италия 1968 жылы Еуропа чемпионы атанса, Англия үшін бұл алғашқы финал.
Еуропа чемпионаты – 2020. Финал.
Италия – Англия 1:1 (0:1, 1:0, 0:0)
Пенальти – 3:2.
Голдар: Бонуччи 67 – Шо 2.
Италия: Д. Доннарумма (Қ), Ди Лоренцо, Кьеллини (К), Верратти (Локателли 96), Жоржиньо, Л. Инсинье (Белотти 91), Эмерсон (Флоренци 118), Кьеза (Бернардески 86), Иммобиле (Берарди 55), Барелла (Кристанте 54), Бонуччи.
Англия: Пикфорд (Қ), Уокер (Санчо 120), Стоунз, Магуайр, Шо, К. Филлипс, Райс (Хендерсон 74, Рашфорд 120), Триппьер (Сака 70), Маунт (Грилиш 99), Стерлинг, Кейн (К).
12 шілде. Лондон. "Уэмбли".