Испания тұрғыны әлемнің ең қарт адамы атағына ие болды
118 жастағы франциялық монах әйел Андрэнің (Люсиль Рэндон) өлімінен кейін "әлемнің ең кәрі адамы" атағы Испания тұрғыны Мария Браньяс Морерға өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мария Браньяс ең кәрі адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. 2023 жылдың 23 қаңтарындағы жағдай бойынша Мария 115 жас 325 күнге толды.
Мария Браньяс Морера АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында 1907 жылдың 4 наурызында дүниеге келген.
8 жыл өткен соң Испанияға қайта оралып, Каталонияға қоныстанған. Мария бұл жерді өзінің Отаны деп атайды. Соңғы 22 жыл ол қарттар үйінде тұрады.
Ұзақ өмір сүру үшін ол тәртіп, сабырлылық, отбасы және достарымен жақсы қарым-қатынас, табиғатпен байланыс, эмоциялық тұрақтылық, сәттілік пен жақсы генетика керегін айтады.
Мария екі дүниежүзілік соғысты, испаниялық тұмау пандемиясы мен коронавирус пандемиясын көрген. Оның 3 баласы, 11 немересі және 13 шөбересі бар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі