Ішкі істер министрлігінің басшысы полиция жүйесін реформалау туралы түсіндірді
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстандағы жергілікті полиция қызметінің реформасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, реформа "Полицияның жаяу жүру" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
"Бұл реформаның шешуші рөлі учаскелік полиция инспекторларына жүктелді. Олардың мәртебесін көтеру үшін заңнамалық сипаттағы шаралар әзірленуде", - деді министр үкімет отырысы барысында.
- Ішкі істер министрлігі Ақтаудағы жерлеу рәсіміне байланысты қызметтік тергеу жүргізеді
- Бұрынғы "Қазпошта" басшысы ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Ерлан Тұрғымбаев сондай-ақ қазіргі 22,8 мың учаскелік полиция бекетінің 3,4 мыңы жөндеуді қажет ететіндігін хабарлады. Оған қоса, 279 учаскелік пункт салу және 1,5 мың қызметтік автокөлік сатып алу қажет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауы кезінде жергілікті полиция қызметін кешенді реформалау қажеттігін мәлімдеген. Мемлекет басшысы әрбір учаске азаматтар үшін қол жетімді болыуы және олардың құқықтарын қорғауы керек деп атап өтті.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"