Бұрынғы "Қазпошта" басшысы ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сәкен Сейтжаппарұлы - ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) тумасы. Ол 43 жаста. Сәрсенов - Мәскеу мемлекеттік авиация институтының түлегі. Онда ақпаратты өңдеудің және басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен танысты. Ол осы мамандық бойынша инженер.
2000 жылы мамандықтытәмамдады. 2011 жылы Еуразия гуманитарлық институтын бітіріп, заңгер мамандығы бойынша оқыды.
Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы көлік министрлігі көліктік бақылау комитетінде бастаған.
Көптеген жылдар бойы түрлі басқару қызметтерінде жұмыс істеді. Ол байланыс және көлік министрлігі басшысының орынбасары болған. 2017 жылдан 2020 жылға дейін ол Қазпоштаны басқарды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған