Ішкі істер министрлігі ұрлық деңгейі жоғары қалаларды атады
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек 2022 жылдың алғашқы жартысында елде ұрлық пен тонау деңгейі өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Елдегі ұрлық деңгейі ең жоғары қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент.
"Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстар саны айтарлықтай азайған. Шабуылдар саны 25%-ға, зорлау 11%-ға, бопсалау 12%-ға, мал ұрлау 23%-ға азайды. Сонымен қатар елдегі қылмыс санының өсуіне қаңтардағы оқиғалар әсер етті. Елде ұрлық пен тонау саны артқан. Ұрлық деңгейі ең жоғары қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент", – деді ол.
ІІМ өкілі елдегі мал ұрлау мәселесіне және жергілікті атқарушы органдармен күш біріктіруге баса назар аударғанын мәлімдеді.
Алматылықтар ONAY QR кодының істен шыққанына жаппай шағымданды: Метрополитен себебін түсіндірді
Желі қолданушысы: "Жаппай кешігу күні болды"
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес