Ішкі істер министрлігі Алматыдағы әскери комиссариаттың қызметкерлері ұсталғанын растады

Фото: Видеодан скрин
Алматыда жоғары лауазымды әскери қызметкерлер лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде әскери комиссариат қызметкерлерінің жаппай ұсталғаны туралы видео тарады. Атап айтқанда, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы (қалалық әскери комиссар), оның шақыру жөніндегі орынбасары, медициналық қызмет басшысы және кейбір аудандық әскери комиссариаттардың қызметкерлері ұсталған.
Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы бұл тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Ішкі істер министрлігінің жауабына сәйкес, тергеу қылмыстық кодекстің 451-бабы (Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша жүргізіліп жатыр.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді