"Іші суық, қабырғалары жарылған, су кіреді": Қостанайлық азамат жетім санаты үшін мемлекет берген жалдамалы пәтерін көрсетті
Қостанайлық Никита Бененко "Жетім балалар" санатындағы баспанаға 11 жыл кезекте тұрған. Екі жыл бұрын ол мемлекеттік жалдамалы пәтерге қол жеткізгенімен тұрып жатқан жерінің жағдайын ашық көрсетті. Айтуынша, мұнда терезелерден жел кіреді, жиһаздар жоқ, техника істен шыққан, тіпті тамақ пісіретін газ плитасы жұмыс істемейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет Наша газета басылымынан
№50 ықшам ауданындағы бес қабатты тұрғын үйге көшкен Никита Бененко пәтерде өте көп ақаулар мен кемшіліктер бар екенін алға тартты. Мұнда тоқтың сымдары берік бекітілмеген, ал пәтер іші суық екен.
"Қонақ бөлмедегі және ас үйдегі терезелердің саңылауларынан жел соғып тұр. Саңылауларды арнайы көбікпен жабуға тырысқаныммен әлі үрлеп тұр. Түсқағаздарды қалай-солай жапсырған. Барлығы бірінші аптада-ақ ашылып қалды. Оларды толығымен жұлып тастауға тура келді. Жаңасын жапсырмаймын, қабырға біркелкі емес. Алдымен қабырғаларды дұрыс жасау керек, содан кейін ғана желімдеу керек!", - деді Никита.
Азамат еденде жақтаулардың да болмағанын жеткізді. Оны өзі орнатқан екен. Ал бөлме ішінде бір матрацтан басқа іс жүзінде жиһаз болмаған. Ал пәтерге мезгіл-мезгіл су кіретіндіктен жиһазды лақтыруға тура келетінін түсіндірді.
Сурет Наша газета басылымынан
"Мамандар пешті ауыстыру керектігін айтты. Бірақ клапан бітеліп қалған. Оны ауыстыру үшін 12 000 теңге төлеу керек. Менде ондай ақша жоқ. Әлі күнге дейін тамақты мұнда пісіре алмай жүрмін. Электр пеші де, микротолқынды пеш те жоқ. Шіркеуде күзетшімін.Тамақты сонда апарып әзірлеймін. Кешкі асымды да сонда ішемін", – деп қосты Бененко.
Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған үй болғанына қарамастан ақауларды бүкіл үйде көруге болады. Кіреберістердің қабырғалары жарылған. Бейнекамералар, домофон, мүгедектерге арналған электр пандусы жұмыс істемейді.
Никита бұған дейін әкімдікке бірнеше рет өтініш қалдырған. Барлығын реттеуге уәде берілгенімен әлі күнге дейін жағдай түзелмеген.
"Қазір тіптен бірнеше мәселе бар. Бастапқыда ақауы болған ыстық су есептегіші істен шықты. Біз сонымен қатар залдағы қабырғадан үлкен саңылау таптық. Мұндай мәселе менің пәтерімде ғана емес, бүкіл үйде! Бізде әлі қоқыс алаңы жоқ. Соның кесірінен үйдің жанында қоқыс үйілген алаңы пайда болды! Әрине, берген пәтерге де қанағаттанбайды деп айтуы мүмкін. Пәтердің берілгеніне ризамын. Бірақ бұл жерде кемшіліктердің өте көп екені өкінішті”,-деді Никита.