Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Іш киімдерін өздері жуады": Салтанат Бақаева ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтты

Төрт баланы дүниеге әкелген Салтанат Бақаева ұлды тәрбиелеудің ерекшелігі жайлы айтты. Ол ер балаларды үй тірлігіне араластыратынын ашық мойындады. Айтуынша, болашақта отау иесі болатындықтан, ер жігітке қатал қараған дұрыс. Бұл туралы ойымен Бақаева Айнұр Ілиясованың "MOM'sкий әңгіме" подкастында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ұл балаларды үй тірлігіне араластырмау керек деген қағида менде жоқ. Керісінше: "Маған көмектесіңдер", – деп айтып отырамын. Бірақ ұл болған соң, істеген істері шала. Арттарынан тазалап отыру керек. Бірақ төсектерін жинауға міндетті, іш киімдерін өздерін жуады. Басында енем: "Неге үйтесің? Өзің жуа салмайсың ба?" – деп таңғалған. Неге менің жууым керек? Өзі жусын. 

5 жастағы Айтөрем де соған үйреніп келе жатыр. Менің ойымша, не істесе де, өздері істеу керек. Әрине, қиындау. Бірақ мен балаларымды қорғаштай бермеймін. Керісінше "істеп көр" деп айтамын", – дейді Бақаева ағынан жарылып.

Актрисаның айтуынша, болашақта отау иесі болатындықтан, ұлдарға қатал тәрбие беру керек. Әсіресе еңбекқорлыққа баулыған маңызды, дейді көпбалалы ана. 



"Қазақ "қызды – жоқшылық, ұлды тоқшылық құртады" деп бекер айтпайды ғой. Өйткені олар жеңіл нәрсеге үйреніп қала, ертең өздері қиналады. Олар – отбасын асырайтын азаматтар, жауапкершілік көбірек. Бірақ қаталдау ұстау керек деп ойлағаныммен, кейде аяймын.

Жолдасым үлкен ұлымды көп жұмсайды. Мен оған кейде ренжимін. 
Бірақ қызығы, Әмір әкесінің айтқанын "мені жұмсайды" деп ойламайды. Ал мен жұмсасам: "Неге мені жұмсай бересің?" деп ренжиді. Соған қарағанда, оларға әкенің айтқаны заң деген қағида ген арқылы берілетін сияқты. Ал бізге, аналарына еркелеп, мазалайтын ойларын айтып алады. Кейде "мама, қойшы" деп қалады. Таңғаламын, бірақ үндемеймін. Ол – оның мінезі, маған "жоқ" деп айта алмаса, ертеңгі күні бөтен адамдарға да қарсылық білдіре алмай, өзінің жан дүниесіне қарсы келетін істерді жасауына тура келеді", – дейді Бақаева.

Актриса үш ұлдан кейін қызды болғысы келгенін жасырмады. Алайда бұл ойы үшін қазіргі кезде кенжесінің алдында кінәлі сезінетінін айтты. Десе де, 34-ке келген Салтанат әлі де қыз тууды армандайтынын мойындады. 

Талқылау