Иса пайғамбардың әрекетін қайталамақ болған шіркеу қызметшісін қолтырауындар жеп қойды
Пастор суға түскен кезде, қолтырауындар кенеттен шабуыл жасаған.

Иса пайғамбарға еліктеп, су бетімен жүріп өтпек болған шіркеу пасторын қолтырауындар жеп қойды, деп жазады Daily Mail. Дін қызметшісі Джонатан Мтетва Иса пайғамбар жасаған ғажайыптардың бірін қайталап, қолтырауындар мекендейтін су бетімен жүріп өтпек болған.
Куәгерлердің айтуынша, пастор суды кешіп 30 метрдей жүреді де, жағаға қарай кері қайтады, сол кезде үш қолтырауын дін қызметшісіне тап берген. Құтқарушылар келіп жеткенше, шіркеу қызметшісі қаза тапқан. Болған оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, оның аяқ киімі мен киім-кешегін ғана табылыпты.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”