Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран билігі АҚШ-пен болатын матч алдында ұлттық құрама футболшыларына қоқан-лоқы көрсеткен

Иран билігі ұлттық футбол құрамасы ойыншыларына әлем чемпионатының топтық кезеңінде АҚШ құрамасына қарсы соңғы матч алдында қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқан. Футболшылар чемпионатта дұрыс емес қылықтар көрсетсе, олардың туыстарын түрмеге жауып, азаптайтынын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасай отырып.

Иран футбол

21 қарашада Иран құрамасының футболшылары 2022 жылы Катарда өткен әлем кубогының топтық кезеңінің Англия командасына қарсы ойнады. Бірінші тур матчы алдында олар әнұран айтудан бас тартты. Ұлттық әнұранды орындау кезінде Иран командасының ойыншылары үнсіз тұрды. Дохадағы "Халифа" стадионының трибунасында жанкүйерлер футболшылардың әрекетіне қол шапалақтап, қошемет білдірді.

Ұлттық әнұранды орындаудан бас тартқаннан кейін спортшылар Ислам революциясының қамқоршылар корпусының мүшелерімен кездесуге шақырылды. Кездесуде ойыншыларға қоқан-лоқы жасалып, қауіп төндіре бастаған. Егер футболшылар әнұран айтудан тағы да бас тартса немесе Ислам Республикасында болып жатқан саяси наразылықтарды қолдаса, олардың отбасы мүшелерін азаптайтындарын айтқан. Осыдан кейін ирандық футболшылар Уэльс құрамасына қарсы келесі матчта елдің әнұранын орындады.

Қауіпсіздік каналының дереккөзі бойынша, Катарға ирандық футболшыларды бақылайтын ондаған КСИР офицерлері келген. Ойыншыларға өз құрамасынан тыс кез келген адаммен сөйлесуге және шетелдіктермен кездесуге тыйым салынады.

Команданың бас жаттықтырушысы португалдық Карлуш Кейрош КСИР офицерлерімен кездескен.

Сонымен қатар, Катар билігі Англия құрамасымен алғашқы ойынға дейін футболшыларға сыйлықтар мен көліктер беруге уәде берді. Алайда ұлттық құрама ойыншыларының наразылық әрекетінен кейін жоспар өзгерді. Сонымен қатар, Тегеран Катарға жүздеген жанкүйер актерлерді "жанкүйерлер арасында жалған қолдау сезімін қалыптастыру үшін" жібергені жазылады.

Қыркүйек айының ортасынан бастап Иранда наразылықтар мен тәртіпсіздіктер болды. Ол хиджабын дұрыс кимегені үшін өлтірілген қыздың оқиғасынан кейін басталды.

Талқылау