Ипотеканы енді микроқаржы ұйымдарында бір кликпен онлайн алуға болады

Sapa Technologies ипотеканы толығымен онлайн алу мүмкіндігін ұсынады. Өтінім беруден бастап ақшаның түсуіне дейін бәрі онлайн жүзеге асырылады.
Цифрландыру қаржылық қызметтердің дәстүрлі форматын түбегейлі өзгертті. Бүгінде шот ашу, банк картасын рәсімдеу және тұтынушылық несие алу бірнеше минуттың ішінде жүзеге асады. Алайда ипотека ұзақ уақыт бойы көптеген құжаттарды жинауды, түрлі тексерулерден өтуді және офлайн рәсімдерді талап ететін ең күрделі қаржылық өнімдердің бірі болып келді.
МҚҰ секторындағы жаңалық
BI Group құрылыс холдингіне кіретін BI Finance микроқаржы ұйымы елде өз клиенттеріне толық цифрлық ипотеканы ұсынған алғашқы микроқаржы ұйымы болды. Жобаның технологиялық серіктесі, Astana Hub резиденті – қазақстандық Sapa Technologies IT-компаниясы.
Бұрын бірнеше аптаға созылатын процесті енді бірнеше сағатта жүзеге асыруға болады. Құрылысшының сайтында өтінім беруден бастап ақшаның түсуіне дейін – енді бәрі онлайн бір қосымшада қолжетімді. Бұл – елдің МҚҰ нарығында алғашқы толық цифрлық ипотекалық өнім. Мемлекеттік қызметтермен интеграция және цифрлық технологиялар бұл процесті барынша ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
"Бүгінде клиенттер қаржылық қызметтерді де басқа цифрлық сервистер сияқты – жылдам, ыңғайлы және артық әрекеттерсіз алуды күтеді. Қазіргі технологиялар ипотекалық несиелеу секілді күрделі үдерістерді де онлайн форматқа көшіруге мүмкіндік беріп отыр. Жобаның басты мақсаты – қаржыландыру алу процесін барынша жеңіл әрі ашық ету", – дейді Sapa Technologies компаниясының бас директоры Абай Ердембеков.

Бұл қалай жұмыс істейді?
BI Group экожүйесіндегі жаңа ипотека мемлекеттік тізілімдері мен Sapa Technologies технологияларына негізделіп әзірленген.
Ол келесі мүмкіндіктерді қамтиды:
- интеллектуалды скоринг,
- деректерді автоматты тексеру,
- құжаттарға онлайн қол қою (eSign),
- кепілді онлайн режимде блокчейн арқылы тіркеу.
- кепілді онлайн тіркеу.
Осылайша, клиентке деректерді сайтта бір рет толтыру жеткілікті, содан кейін жүйе ақпаратты өзі өңдейді және автоматты түрде шешім қабылдайды.
BI FinTech директоры Ерлан Нурлибаевтың айтуынша, "бір кликпен қолжетімді ипотека" клиентті кеңсеге бару мен көптеген құжаттарды толтыру қажетінен босатады: барлығы ыңғайлы онлайн форматта жүзеге асады.
"Цифрлық ипотеканың іске қосылуы – микрокаржыландыруға деген көзқарасты өзгертетін маңызды қадам. Бүгінде қаржы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі несие беру шарттарымен ғана емес, клиентке ұсынылатын цифрлық сервистердің сапасымен де айқындалады. Біз технологиялық шешімдерді мемлекеттік цифрлық қызметтермен біріктіретін осындай инфрақұрылымды жүйелі түрде қалыптастырып келеміз. Қазақстан тұрғын үй компаниясының қолдауымен жүзеге асқан "Қазреестр" ақпараттық жүйесіне қосылу – осы цифрлық экожүйені дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі.", – деп атап өтті ол.
Нарық үшін маңызы
Sapa Technologies – кредиттік технологиялар саласында танымал компания. Ол банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін дайын технологиялық шешімдерді ұсынып, кредиттеу циклін толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Sapa Technologies Қазақстанның МҚҰ саласында ипотеканы толық онлайн форматқа көшіруге мүмкіндік беретін шешімді алғаш болып ұсынды. Оған қоса Sapa Technologies Қазақстандағы цифрлық тәуелсіз кредиттік брокерлердің арасында нарық үлесі мен операциялардың көлемі бойынша бірінші орында тұр. Компанияның платформасы ел бойынша автодилерлерді бірыңғай желіге біріктірді. Оған қоса компания банктер мен девелоперлерге арналған жеке өнімдерді дамытып, кредиттік нарықтың түрлі бағыттарын қамтиды.
Astana Hub басшысы Мағжан Мадиевтің айтуынша, МҚҰ үшін цифрлық ипотеканы іске қосу – Қазақстанның бүкіл қаржылық технологиялар нарығы үшін маңызды қадам.
“Біз жергілікті компаниялардың цифрландыру стандарттарын қалыптастырып, банк саласында ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларда өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып жатқанын көріп отырмыз", – деді Astana Hub басшысы Мағжан Мадиев.
Келесі қадамдар
Sapa Technologies үшін бұл – жай ғана сәтті жоба емес, бұл компания стратегиясының дұрыстығын дәлелдейтін маңызды қадам. Sapa Technologies өз технологияларының қолданылу аясын кеңейтіп, финтех-шешімдер нарығында жаңа стандарттарды қалыптастыруды көздейді.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады