Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернетте аз жалақыға шағымданған "Қазақтелеком" қызметкерлерінің петициясы пайда болды

Интернетте "Қазақтелеком" филиалы – Шығыс Қазақстан облысының өңірлік телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері жасаған петиция пайда болды. Avaaz.org ресурсында жарияланған петицияға қазірдің өзінде 600-ден астам адам қол қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петиция ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевке, "Қазақтелеком" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы мен мажоритарлық акционерлеріне жолданған.

"Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз экологиялық ахуалдың бар екені баршаға мәлім, грейдерлеу жүйесі өңірде тұру ерекшеліктерін қарастырмайды. Еңбекақы төлеудің аудандық коэффициенттері жоқ. ШҚО мен оңтүстік өңірлердің климат жағдайларында тұру шығындарын салыстырыңыздар", - делінген ұжымдық өтініште.

Бұл ретте петиция авторлары бұдан он жыл бұрын "Қазақтелеком" АҚ қызметкерлеріне жоғары ақы төленетіндер қатарына кіргенін, компанияда жұмыс істеу беделді болғанын және оны мақтан тұтқанын атап өтті.

"БАҚ-тың ашық ақпаратына сәйкес, біз жұмыс істейтін компания көп табыс табады. 25%-дан астамы шетелдік оффшорларда, салықтар басқа елдерде төленеді. Біз "Қазақтелеком" АҚ акционерлерін және басшылығын әлеуметтік жауапкершілікті сақтауға және осы қиын уақытта жұмысшылардың жалақысын өмір сүруге лайықты деңгейге дейін көтеру үшін табыстың бір бөлігін ЕТҚ-ға (еңбекақы төлеу қорына) жіберуге шақырамыз", - деп жазды "Қазақтелеком"филиалының қызметкерлері.

Олар алдағы жалақыны индекстеуді қайта қарауды және осыны ескере отырып, қызметкерлердің жалақысын 100% арттыруды сұрайды. Сондай-ақ "Қазақтелеком"АҚ барлық қызметкерлерінің еңбекақысын жыл сайын индекстеуді ұсынды.

"Біздің талап-арызымызды қарап, 03.03.2021 жылға дейін шешім қабылдауды сұраймыз", – деді олар.



Айта кетейік, өтініш аталған порталда осы жылдың 26 ақпанында жарияланған.

Қалыптасқан жағдайға қатысты компанияның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді.

"Үндеу интернет-ресурста жасалды және оның астындағы қолдар сәйкестендірілмеген және расталмаған. Сондықтан біз бұл құжатты компаниямыздағы жағдайды тұрақсыздандырғысы келетін және осы мақсатта фактілерді бұрмалағысы келетін адамдардың жасау мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. "Қазақтелеком" АҚ басшылығы компаниямызда кез келген ірі және табысты кәсіпорындағыдай, еңбек даулары мезгіл-мезгіл туындайтынын жасырмады және өз қызметкерлерінің мүдделерін ескере отырып, оларды шешуден ешқашан жалтарған емес", - деп атап өтті Қуанышбек Есекеев.

Есекеев былтыр ШҚО-да жалақы өскенін, ал осы жылдың мамыр айынан бастап жалақы есептеудің жаңа ережелері күшіне енетінін атап өтті.

"2020 жылы "Қазақтелеком" АҚ Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы бойынша лауазымдық жалақыны көтеру жүргізілді, бұл филиалдың 855 қызметкерін қамтыды. Осы филиалдың тағы 291 қызметкері лауазымдық жалақысының тиісті ұлғаюымен жоғары лауазымдарға ауыстырылды, яғни компанияның осы аймақтық филиалы штатының жартысынан көбісінің жалақысы көтерілді. Бұл филиалдың қызметкерлері, "Қазақтелеком" АҚ-ның басқа да өңірлік бөлімшелері сияқты, 2020 жылдың аяғынан бастап жалақысының түпкілікті өсуі емес екенін білді", - деп жазды Есекеев.

Ол компанияға қатысты анонимді PR-шабуыл жүргізіліп жатқанын айтты.

Талқылау