Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 64 елдің ішінде 60-орынды алды

Интернет жылдамдығы бойынша рейтингте барлығы 64 ел бар. Соның ішінде Қазақстан 60-орында тұрақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары интернет жылдамдығы цифрлық инфрақұрылымды дамытудың негізгі параметрлерінің бірі екенін атап өткен.

Қазақстан 2023 жылғы IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 34,2 Мбит/с-пен интернет өткізу қабілетінің жылдамдығы бойынша 64 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды. Жалпы алғанда, соңғы 5 жылдағы интернет өткізу қабілеттілігінің баяу өсуіне байланысты бұл көрсеткіштің теріс динамикасын атап өткен жөн”, – делінген мәлімдемеде.



Сонымен қатар, рейтингке Қазақстанға қарағанда интернет жылдамдығы жоғары Кувейттің қосылуы әсер еткен.

Рейтингке қатысушы елдер арасында ең жоғары жылдамдықты интернет Сингапурда (179,4 Мбит/с), Исландияда (175,9 Мбит/с), АҚШ-та (162,3 Мбит/с), Румынияда (159,4 Мбит/с) және Таиландта (158,5 Мбит/с) байқалады.

Аутсайдерлер тізімін Ботсвана (8,2 Мбит/с), Венесуэла (13,3 Мбит/с), Индонезия (18,6 Мбит/с), Түркия (24,7 Мбит/с) және Қазақстан (34,2 Мбит/с) бастап тұр.

Талқылау