Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің басшысы ауысты
Еліміздегі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің басшысы ауысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марат Қарабаев индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
"Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің бұйрығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне қарасты индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Осыған дейін индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған Қанат Байтов қызметінен босатылды.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген