Иманғали Тасмағамбетов Украина "дұшпандарының" тізіміне енгізілді

Иманғали Тасмағамбетов Украинаның "Миротворец" тізіміне енгізілді. ҰҚШҰ (ОДКБ) төрағасына Украинаға қарсы Ресей агрессиясын қолдады және соғысты насихаттады деген айып тағылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Украиналық "Миротворец" сайты 2014 жылы пайда болған. Авторлардың пікірінше, сайтта Украинаға қарсы қылмыс жасаған адамдар туралы ақпарат жарияланады. Бүгін осы тізімге "қылмыскер" ретінде ҰҚШҰ төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтің есімі қосылды.
Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының төрағасы қызметін атқарып келеді.
Сайт авторларының пікірінше, Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын толықтай қолдайды.
Фото: myrotvorets.center
"ҰҚШҰ Бас хатшысы ретінде Ресей әскеріне көмек көрсету үшін ұйымның әскерін жіберуге дайын болды. Украина аумағына "Орешник" зымырандарымен жасалған соққыларды ақтады. Ол Выборг кемелерін жасау зауытының акционері және КамАЗ директорлар кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, ол Батыстың Киевке қару-жарақ жеткізілуін де сынады", – делінген сайттағы ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов желіде өзін "ресейшіл", "сатқын" деп айыптаған қазақстандықтарға жауап берген еді.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып