Иманбектің жаңа туындысына түсірілген бейнеклип шықты
Қазақстандық диджей Иманбек Зейкеновтің Sean Paul және Sofia Reyes-пен бірге түсірген бейнеклипі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнеклип Sofia Reyes-тің YouTube каналында жарияланды.
Dancing On Dangerous әніне түсірілген клипті 700 мыңға жуық адам қарап үлгерді.
Бұған дейін Иманбек Зейкеновтің Sean Paul және Sofia Reyes-пен бірлесіп жаңа сингл шығарғаны хабарланды.
Одан кейін Imanbek пен ресейлік музыкант Моргенштерн бірге трек жазғаны белгілі болды.
Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксінен кейін танымал болды. Диджейдің ремиксі "Грэмми" алды.
Иманбек "Грэмми" сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ