Иманбек көше мен мектепке өзінің атын беру туралы айтты
Грэмми иегері Иманбек Зейкенов өзінің құрметіне мектеп немесе көше атауын беру туралы ұсынысқа қарсылық танытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас талант мектеп немесе көшеге өзінің атын беруге лайықты емес екенін айтты.
"Көше немесе мектепке менің атымды беру мәселесі туралы айтқым келеді. Халық қанша жерден қаласа да мен бұған қарсымын. Гремми алу менің атымды қоятындай керемет жетістік емес. Менің ойымша бұл ақшаны ысырап ету. Мектепке менің атымды беретіндей мен кіммін, ғалым емеспін ғой", - деді Иманбек желідегі парақшасында.
Оған қоса, Иманбек желідегілерден ауыр сөздер айтпауын өтінді.
Еске салсақ, экономист Арман Байғанов диджей оқыған көшеге немесе мектепке Иманбек Зейкеновтің есімін беруді ұсынды.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге