Өзбекстанда енді имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуға болмайды: Қазақстанда да тыйым салына ма
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов сенатта “Өзбекстандағы секілді Қазақстанда да имамдар мен басқа дін қызметкерлеріне әлеуметтік желіні басқаруға тыйым салынуы мүмкін бе” деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: YouTube
"Әрине, біз көршілеріміздің бұл тәжірибесін білеміз. Дегенмен әлеуметтік желілер олардың үмбетімен (исламдағы діни қауым), азаматтармен байланыс құралы деп есептеймін. Сондықтан біз қазір басқа нұсқаларды қарастырып жатырмыз.Ал әлеуметтік желілерге тыйым салуға келсек, мұндай мәселе жоқ", – деді Қанат Ысқақов cенат отырысында.
Оның айтуынша, дін қызметкерлері азаматтармен офлайн режимде сөйлесумен қатар, тікелей эфир арқылы да байланыса алады.
Айта кетейік, бір күн бұрын Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың әлеуметтік желіде сөйлеуіне шектеу қойған. Сондай-ақ оларға кез келген жазбаға лайк қоюға тыйым салынды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған