Илон Маск адамдардың Марсқа қашан бара алатынын айтты
Америкалық кәсіпкер және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск адам тәрізді Optimus роботының Марсқа қашан ұшатынын мәлімдеді. Айтуынша, тіпті адамның Марсқа ұшатын уақыты да шамамен белгілі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маск 15 наурызда Х әлеуметтік желісінде адамзаттың ғарышты жаулап алу жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Марсты игеру туралы арманның орындалуына небәрі екі қадам мен бірнеше жыл қалды.
"Ғарыш кемесі келесі жылдың соңында Марсқа ұшады, бортында Optimus болады. Егер қону сәтті болса, онда адамдарды жеткізу 2029 жылы басталуы мүмкін. Дегенмен 2031 жылы болуы да мүмкін", – деді Маск.
Optimus роботының адаммен максималды ұқсастығы бар және оны нейрондық желілер басқарады. Әзірлеушілердің айтуынша, ол тіпті үй шаруашылығын жүргізе алады. Сонымен қатар жақында тұрақты қозғалысқа үйретілген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"