Билікте отырғанына 20 жыл болған Ильхам Әлиев Әзірбайжанда өтетін сайлауда президенттікке кандидат ретінде ұсынылды
Ильхам Әлиев Әзербайжанда өтетін кезектен тыс сайлауда президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиев президенттікке үміткер ретінде биліктегі Yeni Azərbaycan ("Жаңа Әзербайжан") партиясынан ұсынылған.
Ильхам Әлиев Әзербайжанды 2003 жылдан бері басқарып келеді.
- "Арамызда ешқандай түйткілді мәселе жоқ": Бакуге арнайы келген Тоқаев Әлиевпен келіссөз жүргізді
- Әзірбайжан президенті Арменияның Қарабақ үшін соғыстағы "қуыршақ режимдері" туралы айтты
Yeni Azərbaycan партиясының төрағасының орынбасары Таир Будагов "ұзақ жылдар бойы бәрі Қарабақты кім азат етсе, сол біздің мәңгі президентіміз болады деп айтты. Ильхам Әлиев саясаттағы 20 жылда Әзербайжан халқына қызмет етіп, басып алынған аумақтарды азат еткені үшін осы лауазымға лайық. Әзербайжанның әр патриоты осындай көзқарас ұстанады" деп айтқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әзірбайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтетіні белгілі болған. Тиісті бұйрыққа Ильхам Әлиев қол қойды. Бұйрық бойынша Әзірбайжанда сайлау 2024 жылдың 7 ақпанында өтеді.