Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іле-Балқаш қорығында ірі өрт шықты

Іле-Балқаш қорығында 2,8 мың гектарға жуық аумақты қамтитын ірі өрт шықты деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ

"11 маусым күні сағат 13.45-те орман шаруашылығы бөлімінен Іле-Балқаш қорығы аумағындағы батпақты алқапта қамыс өсімдіктері өртенгені туралы хабарлама түсті. Алдын ала себеп – найзағай разряды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша өрт аумағы 30 гектарды құрады. Алғашқы жылу нүктелері 2024 жылғы 11 маусымда сағат 11.15-те тіркелді. Бүгінгі күні ғарыштық мониторинг деректері бойынша Іле-Балқаш қорығы аумағында 2024 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша өрттің ауданы 2 794,79 гектарды құрайды", – делінген тараған ақпаратта.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ космомониторингінің деректеріне сәйкес "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ аумағында ашық өрт байқалмайтынын мәлімдеген.

Ауданы 30 гектардан аспайтын батпақты жерде қамыс өсімдіктерінің жануы байқалады. Бұл ғарыштық суреттерде көрсетілген (фотосуреттерде жылу нүктесі белгіленген).

Елді мекендерге қауіп жоқ, өйткені Балқаш ауданының жақын маңдағы Қараой ауылы резерваттан 90 км қашықтықта орналасқан.

Бүгінгі таңда "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ қызметкерлері осы учаскеде барлау жұмыстарын жүргізуде. Резерват пен ТЖМ бірлескен күштерімен жану оқшауланды. Өрт алаңын экология министрлігінің комиссиясы белгілейді, оған ТЖМ қызметкерлері де кіреді.

Талқылау