Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Иісіміз шығып жүрсе екен": Ғаділбек Жанай дәстүрді ұмытпау туралы

Ғаділбек Жанай дәстүрді ұмытпау туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Headliner weekend бағдарламасына сілтеме жасап. 

Иісіміз шығып жүрсе екен: Ғаділбек Жанай дәстүрді ұмытпау туралы

Белгілі әнші шетелдік сахналарға шығып, дарыныңды елден тыс жерлерде көрсету туралы пікір білдірді. Ол шетелге кетуге қарсы емес, алайда қай жерде жүрсек те қазақылығымызды жоғалтпауымыз керек дейді. 

"Қызым үйде, қылығы түзде" деп жатады. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Менің айтатыным, біз қазақ болғаннан кейін, салт-дәстүрді ұмытпауымыз керек. Қай жақта жүрсек те, өзіміздің иісіміз шығып жүрсе екен", - дейді Ғаділбек Жанай.

Алайда, кез келген өнер адамы жердің қай бұрышына барып, өнер көрсетіп, туынды шығаратынын өзі біледі. Соныдақтан жақсы дүние шығып жатса, артық ештеңесі жоқ деп ағынан жарылды Ғаділбек Жанай. 

"Ең бастысы - колоритімізді көрсетсек болды. Жер адамзатқа ортақ. Әнші қай жерінде кино, бейнебаян түсіреді, ән жазады өзі біледі. Онда тұрған ештеңе жоқ. Тек адамгершіліктің шекарасынан аспаса болғаны. Оған қоса, берері бар, жақсы дүние болғаны дұрыс", - дейді Ғаділбек Жанай. 

Талқылау