ІІМ орынбасары қызметінен кетті
Рашид Жақыпов ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Жақыпов Рашид Тауфикұлы зейнетке шығу жасына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Жақыпов Рашид 1959 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
80-90 жылдары прокуратура органдарында жұмыс істеді. 1998 жылдан 2006 жылға дейін Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының ішкі істер бөлімдерінде, сондай-ақ көліктегі Оңтүстік-Шығыс ішкі істер департаментінде жұмыс істеді.
2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, ал 2011 жылы облыстық полицияны басқарды. Ол 2014 жылдың қыркүйегінде ішкі істер министрінің орынбасары болды.
"Өш алу үшін жасады": ҚазҰУ-да жұмыстан кеткен оқытушылардың бірі даудың қалай басталғанын айтып берді
Жұмыстан босатылған 4 оқушының біреуі сұхбат берді
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"