Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Алматы облысында түрмедегі зорлық-зомбылық оқиғасына қатысты 7 қызметкер жұмыстан кетті

Алматы облысының түзеу мекемесінде сотталғандарға зорлық-зомбылық жасау фактілері түсірілген бейнероликтер бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен арнайы комиссия өңірге жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ІІМ: Алматы облысында түрмедегі зорлық оқиғасына қатысты 7 қызметкер жұмыстан кетті

Сотталушыларға көрсетілген озбырлық фактілері негізінде мекеме қызметкерлері мен олардың басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Тергеудің объективтілігі үшін жиналған іс материалдары тексеру мақсатында прокуратураға жолданды. Тексеру барысында оқиғаға қатысушылардың барлығының іс-әрекеттеріне және оларға жол бергендерге құқықтық баға берілетін болады.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатуға ұсынылды.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша бүгінгі күні 14 қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 7-еуі қызметтен босатылды. 

Мекеме басшысы мен оның екі орынбасары атқарып отырған лауазымынан босатылды. 

Мекеменің 5 қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды. 
Тергеу мүддесі үшін жәбірленген сотталғандар басқа колонияға ауыстырылды.

Қазір қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің осындай қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол беру себептерін жою бойынша жүйелі шаралар кешені қабылдануда.
 

Талқылау