Игор Крутой жолдаған эстафетаны Иманғали Тасмағамбетов жалғастырды
Иманғали Тасмағамбетов Абай Құнанбаевтың 175 жылдығының қарсаңында бастау алған эстафетаны Игор Крутойдан қабылдап, 6-шы қара сөзді жатқа оқыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Абай өлеңінен үзінді оқу эстафетасында ұлы ойшылдың қара сөзін оқып желі қолданушыларын сүйсіндірді.
Елшіліктің Facebook парақшасында жүктелген видеода Иманғали Тасмағамбетов бұл эстафетаны қара сөзбен жалғауды жөн көргенін айтады.
«Мен поэзия эстафетасын досым Игорь Крутой мен Маралтай інімнен қабылдап, ұлы Абайдың алтыншы қара сөзіне тоқталсам», - деген елші, осы эстфетаны жан досы, мәдениет тарланы Досқан Жолжақсыновқа жолдайтынын айтты.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген